Павлодарда жергілікті тұрғынға Ертіс өзені жағалауында құрғақ шөпті жаққаны үшін айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Баяндамаға сәйкес, өрт сөндірушілер 16 сағат бойы өртпен, қызыл жалын 70 гектардан астам жерді шарпыған.
Куәгерлер белгісіз ер адам көлге балық аулауға келіп, құрғақ шөпті жағып жатқанын көрген. Өрт қатты өршіген кезде ол адам сөндіруге тырысқанымен еш нәтиже шықпағанына көзі жеткеннен соң көлігіне отырып, кетіп қалған.
Полиция автокөліктің мемлекеттік нөмірі бойынша кінәлі азаматты анықтады, ер адам Павлодар тұрғыны болып шықты, ол кінәсін мойындап, оған айыппұл салынды.