Павлодарда стерилизациялаудың орнына қаңғыбас жануарларға оқ ататын болады

Павлодарда қаңғыбас жануарларды стерилизациялау үшін бюджеттен қаражат бөлуден бас тартылды.

Ал оларды атуға қаражат 49 млн теңгеден 50 млн теңгеге дейін өсті».

Жергілікті жануарларға арналған баспанадағылар стерилизациялауға мүлдем басқа сома қажет екенін нақтылайды. Бұған дейін 300 000 теңге бөлу туралы айтылған. Олар 60 мысыққа жететін. Зообелсенділер биылғы жылы таңдалған әдіс адамгершілікке жатпайды, сонымен қатар ол тиімсіз деп отыр.

«Қаңғыбас жануарларды жоюдың жалғыз жолы — үй жануарларын стерилизациялау. Бірде-бір мемлекет олардан осылай атып құтылған тәжірибесімен бөліскен емес. Бұл пайдалы емес, тиімсіз», — деді «Павлодар жүрегі» қоғамдық қорының жетекшісі Мария Гребенкина.

Ал әкімдіктегі бұл жағдайға былай деп түсініктеме берді: «Тегін стерилизацияны жүргізу үшін бюджеттік классификаторды енгізу қажет. Жергілікті деңгейде біз мұндай шығынды бапты енгізе алмаймыз. Ол үшін заңнамада жоба дайындалып жатыр».

Добавить комментарий