Павлодарда саяжай учаскелеріндегі үйлер өртенді

Павлодарда саяжай үйлері өртенді.

Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«15 сәуір күні сағат 11-52-де «Надежда», «Восточный» бау-бақшасындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Шамамен 20-30 саяжай үйлері, құрғақ шөптің алаңы шамамен 10 гектарға жетті», — деп хабарлады құтқарушылар.

Олардың мәліметінше, өртті сөндіруге ТЖД: 61 қызметкері мен 5 бірлік техника, АҚ ҰК «ҚТЖ» өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Суды жеткізу үшін қосымша жергілікті атқарушы органдардың күштері жіберілді.

Добавить комментарий