Павлодарда заңсыз көпқабатты үйді салған құрылыс салушыға айыппұл салынды. Көпқабатты үй бұзылмады. Құрылыс салушы неліктен заңға бағынбағаны белгісіз.
Рұқсатсыз салынған көпқабатты үй М. Горький көшесі, 46 мекенжайында орналасқан. Ол заң талаптарына сай жобалау-сметалық құжаттарсынсыз салынды.
Заңсыз салынған құрылыс туралы іс әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотта қаралды. Әуел баста «MALAISARY GROUP» ЖШС кәсіпорнына заңсыз салынып жатқан құрылысты мәжбүрлі түрде бұзу және мемлекет кірісіне 103 500 теңге сомасында айыппұл төлеу туралы шешім қабылданған болатын.
Құрылыс салушы, компания өкілі кінәсін мойындап, шағын бизнес субъектісіне 103 500 теңге айыппұл салынды. Сот айыппұл мөлшерін 30%-ға — 72 450 теңгеге дейін қысқартты. Алайда ғимаратты бұзу мен шығарылған үкімге қарамастан, атқарушылық құжат орындалмады.