Павлодар билігі көпқабатты үйлердің қасбеттерін бояу туралы шешім қабылдады
Үйлерді бояу жұмыстары Катаев көшесінен басталды. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, барлығы 11 үйдің қасбетін бояу және жаңарту жоспарлануда. Бұлар Торайғыров көшесі, 59, Ак. Сәтпаев, 11, 17, 19, 21/1, 57, 73, Лермонтов көшесі, 100, Катаев көшесі, 19, 21, 79, 81.
«Бұл үйлер қаланың магистральды көшелерінің бойында орналасқан және олардың қасбеттері эстетикалық сәулетке сай келмегендіктен таңдалынып алынды, — деп нақтылады әкімдіктегілер. — Бүгінгі таңда жоспарланған 10 үй бойынша мердігерлер анықталды. Бір үй бойынша конкурстың қорытындысы әлі шығарылған жоқ».
Қала әкімдігі хабарлағандай, конкурс қорытындысы бойынша жұмыстардың құны 67,4 млн. теңгені құрады. Қасбеттерді бояуды қыркүйектің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Әкімдік «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджетте қаражаты болған жағдайда елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеуді жүзеге асыруға құқылы екенін еске салды.