Павлодарда Бітімгершілер саябағында ескерткіштің жанына қойылған гүл шоғырын өртеп кетті.
«Бүгін сағат 12:00-де қалада құқықбұзушылық дерегі тіркелді — Бітімгершілер саябағында, тәжік-ауған соғысынан әскерлердің шығарылуына арналған ескерткіштің жанына қойылған гүл шоғырын өртеп жіберген», — деп хабарлады 2022 жылғы 8 ақпанда, сейсенбі күні Павлодар әкімі Асайын Байханов.
Ол атап өткендей, қазіргі уақытта Павлодар полиция басқармасы аталған оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізуде.