Павлодар қаласының полициясы үйдің ауласында балаларды қорқытқан мас ер адамды ұстады.
Куәгерлер Павлодарда қала тұрғынын ұстау сәтін видеоға түсіріп алған. Кадрда екі полицейдің ер адамға кісен салғаны көрінеді.
Кейіннен облыстық полиция департаменті хабарлағандай, 51 жастағы павлодарлық ұсталған.
«Ол қала тұрғынының хабаорламасы бойынша ұсталды. Ер адам мас күйінде үйдің ауласына кіріп, балаларын қорқытқан», — деп нақтылады ведомстводағылар.
Белгілі болғандай, ер адам жақын жерде тұрады екен, ол үйін шатастырып алған.
Полицейлер павлодарлықты бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді.