Биыл жазда Павлодар тұрғындары ауладағы құрылысы аяқталмаған балалар алаңдарына шағымдануда. Коммуналдық қызметкерлер типтік балалар алаңдары орнатылатын жүз ауланы абаттандыру бойынша ауқымды жоспарларды мәлімдеді. Бірақ балалар әлі күнге дейін тегіс бетон алаңда жаңа сырғанақтар мен әткеншекте ойнауды армандап жүр.
Тұрғындар ескі балалар алаңы маусым айының басында бұзылып, құрылысы бастағанын айтып отыр. Алайда жұмыстар тоқтатылып, уәде етілген алаңдар салынбады. Павлодардың түрлі шағын аудандарының тұрғындары құрылысы аяқталмаған балалар алаңдарына қатысты шағымдануда.
«Бізде бұрын әткеншектері бар жақсы ойын алаңы болған, ал енді балалар көрші аулаларға барып ойнап жүр. Бізде Мүткенов, 49 мекенжайыннда ғана дайын ойын алаңы бар, балалар сол жаққа барып ойнайды», — деп шағымданады Алматы көшесіндегі № 76/1 үйдің тұрғыны Вера Светчикова.
«Ойын алаңын бұзып, бетон құйды. Бірақ құрылыс жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Барлығы сол қалпында тұр», — дейді Алматы көшесіндегі № 76/1 үйдің қызмет көрсету ұйымының басшысы Баян Рахметова.
Қалалық әкімдік өкілдері балалар алаңдарының құрылысы кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын, бірақ қазір материалдарды жеткізуде қиындықтар туындағанын хабарлады. Алайда жобаның қашан аяқталатыны нақты ешкім айтпады. Уақыт өтіп жатыр, ал балалардың ойнайтын жері жоқ, бұл жергілікті тұрғындардың шағымын айтуда. Тұрғындар мәселенің шешімін тауып, аулаларды тез арада абаттандырып, балалар ойнауға арналған алаңдар салынады деп үмітті.