Павлодарда 20 жастағы ер адамды пышақтап өлтірді

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, кеше, 2021 жылғы 3 қазанда Павлодардағы пәтерлердің бірінде 20 жастағы ер адамның денесі табылды.

«Павлодар қаласында сағат 02:25 шамасында Сәтбаев көшесі 247 үйдегі пәтерлердің бірінде пышақталған 20 жастағы адамның денесі табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен 23 жастағы Павлодар тұрғыны ұсталды», — деп хабарлады Павлодар облысы ДП баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам Павлодар УҰИ-ге қамауға алынды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.

Добавить комментарий