Павлодарда 17 көшенің атауы қазақшаланады.

Мира көшесі — Олжабай батыр деп өзгертілді. Павлодарда 17 көшенің атауы қазақшаланады. Оның 16-сы орыс тіліндегі көшелер.

«Павлодар облыстық мәслихаты Павлодар қаласындағы 17 көшенің атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұл «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» және «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес жасалды. Үкімет жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы бар, халықтың пікірі ескерілді», — деп хабарлады дүйсенбі күні Павлодар облыстық мәслихаты.

Павлодар қаласындағы келесі көшелердің атауы өзгертіледі:

  1. Ангарская — Нағымбек Нұрмұхаммедов;
  2. Декабристов — Қамар Қасымов;
  3. Донецкая — Мағжан Жұмабаев;
  4. Зыряновская — Қабдікәрім Ыдырысов;
  5. Кубанская — Қалмұқан Исабаевқа;
  6. Лесная — Ағайынды Дүйсембиновтер;
  7. Мира — Олжабай батырға;
  8. Парковая — Мұқағали Мақатаевта;
  9. Саянская — Алма Әжібаева
  10. Совхозная — Рафиқа Нұртазина;
  11. Таганрогская — Қазанғап би;
  12. Читинская — Аманжол Шәмкенов;
  13. Юннатов — Дихан Әбілов;
  14. 1 Южная — Бірлік;
  15. 2 Южная — Каукен Кенжетаев.
  16. 2 Советов — Самат Бәкіров;
  17. 1-ая Советов және 2-ая Советов — Самат Бәкіров.

Павлодар әкімдігінің хабарлауынша, көшелердің жаңа атаулары жазылған тақтайшаларға қаражат бюджеттен бөлінбейді. Әкімдік қаражатты қайдан алатынын хабарламады.

Добавить комментарий