Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жастар және отбасы істері бөлімінің басшысы Дәурен Әбдірахманов хабарлағандай, бизнес саласында оқыту есебінен Павлодарда жұмыссыз жастар деңгейі төмендеді.
«Жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 2,9%-ды құрады немесе 2 049 адам, — деп атап өтті спикер. — Бірінші тоқсанмен салыстырғанда 0,2%-ға төмендегені байқалады. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4944 адам жұмысқа орналастырылды, олардың бір бөлігі бос жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына жіберілді.
«Бизнес-Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін 351 адам оқып жатыр.
«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша жыл соңына дейін 442 жас маманға көтермеақы, Павлодар қаласының 365 тұрғынына баспана сатып алу үшін бюджеттік несие беру жоспарлануда.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 17-ші еңбек маусымы аяқталуда. Экология, құрылыс, қалпына келтіру, шығармашылық, археология және еріктілік бағыттары бойынша 16-29 жас аралығындағы 2200 жас маманды жұмысқа орналастыру жоспарланған», — деп хабарлады Дәурен Әбдірахманов кешегі баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ол 164 отбасы еріктілер жасағынан көмек алғанын атап өтті.
2021 жылғы 27 тамызда облыс жастары арасында үшінші «Ертіс дарыны» байқауы басталады. Оның басты мақсаты — өңірдің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан талантты жастарды қолдау. Жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды.
Айта кетейік, облыста 14-29 жас аралығындағы 131 816 жастар тұрады, бұл өңірдің жалпы халқының 18,5%-ын құрайды.