Павлодар: жас жұмысшы құмға көміліп қалды

Павлодар облысында жұмысшы мерт болды. Жігіт небәрі 19 жаста болған. Ол құмға көміліп қалды.

Оқиғаның мән-жайы белгілі болды.

«26 шілде күні сағат 15:40-та Павлодар облысы Марғұлан ауылында ЖШС-нің бірінің 19 жастағы жұмысшысы су құбырын тарту кезінде құмға көміліп қалды. Ер адам оқиға орнында мерт болды», — деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері тиісті сараптама тағайындалғанын атап өтті.

Добавить комментарий