Павлодар: сілті ерітіндісі төгіліп, жұмысшысы зардап шекті


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-37758-1662132309-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Павлодарда өндірістік кәсіпорындардың бірінде сілті төгіліп, жұмысшы зардап шекті.

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

31 тамызда павлодарлық кәсіпорындардың бірінің гидрометаллургия цехында 30 жастағы жұмысшы өндірістік желіні жуу кезінде сілті ерітіндісіне күйіп қалған. Салдарынан күйік шалған ер адам ауруханаға жатқызылды. Тексеріс жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды.

Облыстың еңбек басқармасы Sputnik Қазақстанға оқыс оқиға «Павлодар алюминий зауытында» болғанын хабарлады.
Алдын ала болжам бойынша құбырдан сілті төгілген.

Добавить комментарий