Павлодар облысының тұрғыны порнография таратқаны үшін сотталды

Павлодар облысының тұрғыны порноматериалдар таратқаны үшін сотталды

Павлодар облысы Успен ауданының тұрғыны әлеуметтік желіде порнографиялық материалдарды таратқаны үшін бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Успен аудандық полиция бөліміне аудан тұрғындарының бірі 250 қатысушысы бар мессенджер тобына порнографиялық сипаттағы бейнебаян жібергені туралы хабарлама келіп түсті.

Ауылдың тәртіп сақшылары порнографияны таратқан ер адамның жеке басын анықтады. Ол Успен ауданының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Қылмыстық Кодекстің 311-бабы («Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісім жасасуға өтініш білдірді.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, бұл қылмыстық істі Успен аудандық соты қарады, ауыл тұрғынына бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Добавить комментарий