Павлодар облысында сотталғандар атқарушылық парақтар бойынша 89 млн теңге төледі

Павлодар облысында сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізу және оларға талап-арыздарды өтеудің және мемлекеттік баж салығын төлеудің маңыздылығын түсіндіру барысында 89 млн теңгеден астам қаржы төленді.

Сұхбатты Павлодар қаласының пробация қызметінің қызметкерлері прокуратура, жергілікті полиция қызметі және сот орындаушыларымен бірлесіп өткізді.

Берешекті өтеу бойынша шара қолданбайтын 11 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды. Келіп түскен тізімге сәйкес, жеке сот орындаушыларынан Павлодар қаласының пробация қызметінде төленбеген қарызы бар 81 сотталған тұрады.

Олардың тоғызы бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыруға байланысты АП-162/1 қауіпсіздігі аралас мекемеде қамауда отыр.Тағы басқа екеуі тұрғылықты жерін ауыстырып, есептен шығарылды. Үшеуі бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр, үшеуі өз жазаларын өтеп үлгерді.

Борышкерлер тізімінде емделіп жатқандар бар, осыған байланысты қарыздарын төлеуге мүмкіндігі жоқ. Сотталған екі адам іздестірілуде.

«Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандармен пробация қызметінің инспекторлары тіркеуге келген кезде үнемі сұхбат жүргізеді. Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде бірге тұратын туыстарымен атқару парақтары бойынша берешекті төлеу қажеттілігі туралы түсіндіріледі. Егер сотталған адам жұмысқа орналаспаса, оған жұмысқа орналасуда әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі», — деп түсіндірді Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметтеріне басшылық ету бөлімінің бастығы Әсет Сатыбалдин.

Сұхбатқа 48 сотталушы келіп, олармен жұмыс жүргізіліп, талап-арызды төлеу бойынша әрекетсіздіктің себептері анықталды. Айта кету керек, Павлодар облысында барлығы 1770 сотталушы есепте тұр, олардың ішінде сот үкімі бойынша 305 199 870 теңге сомасына 652 адам талап-арызы бар. Бұл мемлекет кірісіне түсетін мемлекеттік баж салығы және жәбірленушілерге келтірілген материалдық зиянның орнын толтыру. Ағымдағы жылы 89 150 000 теңге төледі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Добавить комментарий