
Павлодар облысында 135 мың гектар пайдаланылмайтын жайылымдық жерлер мемлекетке қайтарылды
«Соңғы үш жылда және 2022 жылдың басынан бері 900 мың гектардан астам пайдаланылмаған жайылымдық жерлер анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде пайдаланылмайтын 135 мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды, 259 мың гектар жер пайдаланыла бастады — ауыл шаруашылығы жануарлары сатып алынды, жерді игеру басталды», — деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.
Мысалы, Тереңкөл ауданы прокуратурасының ұсынысы бойынша ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған жер телімі — 957 гектар жайылымдық жер қайтарылды, оның теңгерімдік құны 9 617 850 млн теңге. Кейінірек аукцион арқылы бұл учаске басқа жер пайдаланушыға берілді.
Прокуратура хабарлағандай, Павлодар облысындағы жайылымдық жерлердің жалпы көлемі 8,3 млн гектарды құрайды, қорда 1,9 млн гектар жер бар.