Павлодар облысында көкөніс бағасы көтерілуі мүмкін

Павлодар облысында жоғары салыққа байланысты көкөніс бағасы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды өңірлік кәсіпкерлер палатасы.

Аталған мәселе Өңірлік кәсіпкерлер палатасындағы алаңда талқыланды. Талқылауға түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері, атап айтқанда, антикор мен прокуратура өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге түсетін салық ауыртпалығы бірнеше есе артты. Кездесу барысында Павлодар қаласының шегіне кіретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық салу мәселелері талқыланды.

Өңірдегі адам құқықтары жөніндегі уәкіл Арсен Жақыпов салық жүктемесінің артуына байланысты көкөніс бағасы қымбаттауы мүмкін деп есептейді. А/ш тауарларын өндірушілеріне түсетін салық ауыртпалығы бірнеше есе артты. Олардың кейбіреулері жоғары салық төлейді. Бүгінде олардың кейбіреулерінің шоттары бұғатталған. Бұл шығындар картоптың, қырыққабаттың және сәбіздің бағасына әсер етеді. Өңірлік палата басшысы мемлекеттік органдарға, өз құзыреті шегінде, ағымдағы жағдайға ұсыныстары мен шешімдерін дайындауды ұсынды. Сонымен қатар, прокуратурада да бұл мәселені бақылауына алды.

Добавить комментарий