Павлодарлық кәсіпкерлер мен шенеуніктер «Тіл туралы» заңда қарастырылған нормалардың сақталуына байланысты мәселелерді талқылау үшін кездесті
Облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қызмет көрсету саласының өкілдерімен кездесуді ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты — тұрмыстық қызмет көрсету, анықтамалық-ақпараттық қызмет салаларында мемлекеттік тілдің сақталуын қамтамасыз ету, оның әлеуметтік рөлін арттыру.
«Біздің кездесуіміздің мақсаты — көрнекі ақпаратта, жарнамада ҚР Тіл туралы заңнын сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ екі тілде қызмет көрсету саласында қызмет көрсету сапасын арттыру», — деді іс-шара спикерлерінің бірі, өңірдің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Османова.
Бір қызығы, тіл туралы заңнын сақталуына арналған іс-шара өтіп жатқан залда әкімнің артындағы жазулар тек бір тілде — қазақ тілінде жазылған.
Кездесу барысында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заң талаптарының сақталуы, Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы, визуалды ақпаратты сауатты орналастыру және халыққа сапалы қызмет көрсету мәселелері талқыланды.
Іс-шараға құзырлы органдардың, сауда және дәріхана желілерінің, жолаушылар тасымалы мекемелерінің, жергілікті зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалы мен өңірдің кәсіпкерлер палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум мемлекеттік тілдің тұрмыстық қызмет көрсету салалары мен бизнестік ортада тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, әлеуметтік рөлін арттыруды көздейді.