Сот Павлодар ауданы әкімінің орынбасары жергілікті жер комиссиясының жұмысында бес елеулі заң бұзушылыққа жол бергенін анықтады.
Шаруалар үшін жер пайдалану құқығын беру туралы істі қарай кезінде сот заңсыз шешім қабылдау, негізсіз балл есептеу және басқа да бұзушылықтарды анықтады.
Бұл іс бойынша сот шешімі заңды күшіне енді және Павлодар ауданы әкімінің орынбасары жер комиссиясының отырысын өткізу кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Алайда мемлекеттік қызмет істері департаменті тәртіптік жауапкершіліктің қандай түрі туралы сөз болып жатқанын әлі нақтылаған жоқ.