Павлодар арнайы орталығында тәрбиеленушілердің улануы: оқиғаның мән жайы белгілі болды

Павлодардағы арнайы орталықтың тәрбиеленушілері 2,5 стақан суға антисептикті араластырып ішкен. Санитайзерді ішкеннен кейін қатты уланып, нәтижесінде қыздардың бірі қайтыс болды. Бұл туралы Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасын хабарлады.

«2003 жылы туған науқас Павлодар облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 2 қаңтар күні сағат 18:30-да «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау өңірлік орталығынан» жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Оған белгісіз заттың уытты әсері, мидың ісінуі диагнозы қойылып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Қарқынды терапия басталды, бірақ емге қарамастан сағат 20:00-де қыздың жүрегі тоқтап қалды. Реанимациялық шаралар жарты сағат бойы өткізілді, бірақ сәтсіз аяқталды», — деп түсіндірді өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз қайтыс болғаннан кейін үш сағаттан соң осы ауруханаға арнайы орталықтың тағы екі тәрбиеленушісі жеткізілген.

«2004 жылғы науқастар орташа ауырлықта «улану» диагнозымен түсті. Оларға емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде медициналық көмек көрсетілді. 14 қаңтарда олар ауруханадан шықты, ол уақытта жағдайлары қанағаттанарлық болды. Денсаулықтары бұзылмаған, тәбет жақсы, белсенді», — деп хабарлады Денсаулық сақтау ұйымының баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл суицид емес.

«Қыздардың айтуынша, 1 қаңтар күні сағат 20:30-да олар сумен араласқан 2,5 стақаннан «Антисептик-МД-1″ ішкен. Кәмелетке толмағандардың айтуынша, түн тыныш өткен, ештеңе мазаламаған, бібірақ таңертең жүрек айнып, құсқан. Медицина қызметкерлері мен тәрбиешілер бұл туралы білмеген», — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға кезінде үш тәрбиеленуші де медициналық блокта болған. Қайғылы оқиғаны полиция тергеп жатыр. Тергеу бірден екі бап бойынша жүргізіліп жатыр: ҚР ҚК-ның 105 бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» және ҚР ҚК-ның 371 бабы «Немқұрайлылық». Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Осы баптардың санкциялары белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан төрт жылға дейін бас бостандығынан шектеу не айыруды көздейді.

Добавить комментарий