Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі сұмдық жайт туралы хабарлады.
16 қыркүйек күні кешкі сағат 21: 50-де Павлодар қаласының Жаңаауыл ауылындағы базалардың бірінде полицейлер Audi көлігінің салонында оқ жарақатымен жараланған ер адамның мәйітін тапты. Қаза тапқан адам 27 жаста еді.
«Қылмыс жасағаны үшін ер адам ұсталды. Қару тәркіленді. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 1-бабы 99-бөлігі — «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті Павлодар қаласының УҰИ-на қамалды», — деп хабарлады полицияда.
Сондай-ақ, ПД баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің «Сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге жол бермеу» 201 бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат таралмайтынын атап өтті.