Павлодар: Абайға ескерткіш орнатылды

Павлодардың орталық алаңында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды.

Ескерткіштің авторы — бұған дейін Баянауылда Шәкен Аймановқа ескерткіш жасаған Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Асқар Нартов.

Монумент көркем қоладан, тұғыры мәрмәр тастан соғылған, биіктігі – 5,25 метр.. Салтанатты тұсаукесерге ұлы ақынның жерлесі, абатанушы Ғарифолла Есімді шақырды.

Ғарифолла Есім, философия ғылымдарының докторы, абайтанушы: «Ескерткіш Абайға қажет емес. Ол бізге және болашақ ұрпаққа қажет. Әзірбайжан ақыны Низамидің құрметіне, Өзбекстандағы Науаидың құрметіне, Түркиядағы Юнус Эмраның құрметіне осындай ескерткіштер орнатылғанын көрдім. Өзін елмін, халықпын, мемлекетпін деген жерде сол елдің мықты-мықты тұлғаларына ескерткіш қойылады. Бұл өркениетті тәсіл. Абайдың жолына түскеніңіз үшін бақытты болуыңыз керек».

 

Добавить комментарий