Парламент депутаты феминисттер шеруіне қатысушыларды тексеруді талап етті

Депутат Бекболат Тілеухан феминисттер шеруіне қатысушылардың экстремисттерге қатысы болуы мүмкін деп санайды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ол Үкіметке жақында Алматыда өткен феминистер шеруіне қатысушылардың экстремизмге қатыстылығын тексеруді сұрады.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдаған Тілеухан 8 наурыз күні Алматыда феминистер шеруі өткенін еске салды.

Халықаралық әйелдер күні Алматы қаласында бес феминистік ұйым шеруге шықты. БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде жарияланған бейнелерді бәріміз көрдік. Алматы қаласы әкімдігіне берген өтінімде көрсетілген мәселелерден бөлек, шеруге шыққандардың біздің дүниетанымымызға жат дүниелерді көтергені тіпті Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйымдардың лозунгтарын көтергенін көріп отырмыз.

«Бір қарағанда, бұл шеру үйдегі зорлық-зомбылыққа қарсы шеру сияқты көрінеді. Алайда, митингтің күн тәртібі мүлдем басқа арнаға ауысты», — деп есептейді мәжілісмен.

Ол экстремистік ұйым деп сот экстремистік деп таныған «Көше партиясы» қозғалысын айтты. Ол Алматыдағы шерудің заң талаптарына сай болған-болмағанын, экстремистік топтардың еркін алаңға шығуына қала әкімдігі жол берген-бермегеніне сараптама жасау керек дейді. Оның пікірінше, бұл баршамыздың рухани құндылықтарымызға жасалған шабуыл.

Сондай-ақ, ол балаларды зиянды ақпараттан қорғау үшін жыныстық азшылық топтың азғындығы, біржынысты неке тәрізді құбыжық құбылыстардан сақтайтын заң нормаларын Парламентке енгізуді қарастыру керек деп санайды

8 наурызда Алматыда алғаш рет әйелдер құқығын қорғауға бағытталған рұқсат етілген шеру мен митинг өтті.

Добавить комментарий