Париждегі полиция зейнетақы реформасына наразылығын білдіру үшін қала көшелеріне шыққан агрессивті шерушілерді тарқату үшін су атқыштарды қолданды. Бұған жауап ретінде кейбір шерушілер тәртіп сақшыларына отшашу мен петардаларды, сондай-ақ Молотов коктейлін лақтырды, салдарынан полицейлердің бірін ауыр күйік шалды.
Ел билігі тәртіп сақшылардың әрекетіне шерушілердің агрессивті болуы себеп болғанын түсіндірді. Мәселен, Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманен наразылық білдірушілер тарапынан жасалған зорлық-зомбылықты айыптап, тәртіп сақшылары полицейлерді өлтіріп, бөтен біреудің мүлкіне шабуыл жасау мақсатында келген аса қатыгез шерушілермен бетпе-бет келгенін айтты. Биліктің мәліметінше, наразылық салдарынан 60-тан астам адам ұсталған.
Зейнетке шығу жасын арттыруды және арнайы зейнетақы режимдерін жоюды көздейтін зейнетақы реформасы бүкіл Франция бойынша наразылық пен ереуілдерге алып келді. Заң жобасы жақын арада күшіне енуі тиіс, ал бұл халықтың наразылығын ушықтырып отыр.