Парижде Олимпиада ойындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспары бар ноутбук жоғалды

Парижде 2024 жылы өтетін Олимпиада қарсаңында алаңдаушылық тудыратын жайт орын алды. Дүйсенбі күні кешке Солтүстік вокзалдағы пойыздан Олимпиада ойындары кезінде муниципалды полицияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарлары жүктелген ноутбук пен екі USB кілті бар сөмке ұрланды.

Жоғалған мәліметтердің иесі Париж мэриясының инженері Креиге бара жатқан пойызға мініп, сөмкесін жүк бөліміне қойған. Бірақ пойыз кешігуіне байланысты басқа рейске ауысқан, сол бағыттағы басқа пойызға отырғанда сөмкесінің жоғалғанын байқады.

Ұрланған мәліметтерде 2024 жылғы Олимпиада кезінде муниципалды полицияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құпия жоспар болған. Аймақтық көлік полициясына аталған оқиғаны тексеру тапсырылды.

Париж билігі осы жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін өтетін Олимпиада ойындары кезінде 2 мың полиция қызметкерін жұмылдыруды жоспарлап отыр. Париж мэриясының ресми өкілдері қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартып отыр.

Добавить комментарий