Пара алғаны үшін 7 жылға темір торға тоғытылды: Емхананың бас дәрігеріне қатысты үкім шығарылды

Шымкенттегі емханалардың бірінде пара алу ісі бойынша сот тыңдаулары аяқталып, айыптау үкімі шығарылды.

№11 Шымкент қалалық емханасының бас дәрігері Данияр Айтбаев пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

«№11 емхананың бас дәрігері Данияр Айтбаев бос жұмыс орындарын сатқан. Ол инспектор Шайғаным Қиясовамен бірге емханада жұмыс іздеп келгендерге жұмысқа орналасу үшін ақы төлеуді ұсынды. Күдіктілер ақша алып жатқан жерінде ұсталды. Екеуі де сотта кінәсін мойындады, бірақ бұл бұрынғы бас дәрігерді жазасын жеңілдетпеді. Сот үкімімен ол жеті жыл қауіпсіздігі орта мекемеде жазасын өтейтін болады. Экс-инспекторға Т8 млн көлемінде айыппұл төлеу туралы үкім шығарды», — делінген хабарламада.

Іс бойынша айыпталушылар невролог дәрігерді жұмысқа алу үшін 100 мың теңге, ал медбикеден 300 мың теңге пара алған.

«Сотта табыстың 90%-ын бас дәрігер, ал қалғаны ортадағы делдал алғаны белгілі болды. Айта кетейік, «антикорға» бас дәрігердің әрекетіне екі әйел арызданған, дәрігер олардан жұмысқа орналасқаны үшін ақы төлеуді талап етті», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий