Алматы облысы Талғар ауданының полиция қызметкерлеріне пара алғаны үшін айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы 14 млн теңге.
Хабарланғандай, 2021 жылғы 14 маусымда Алматы облысы Талғар аудандық сотының үкімімен Алматы облысы ПД Талғар аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция рота қызметінің инспекторы С.Т. Досымов пен С.С. Нұрмұханбетовке 7 млн теңге (пара сомасының 35 еселенген мөлшері) көлемінде айыппұл салынды.
Агенттіктің хабарлауынша, олар алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамнан ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-тармағы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін, яғни пара берушінің пайдасына заңсыз әрекеттер жасағаны үшін 612 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктенеді.