Алаяқ әйел елорда тұрғындарынан ақша алып, оларға пәтер алуға көмек көрсетуді ұсынған. Полицейлер алаяққа қатысты 22 арызды тіркеді. Жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні ұстады.
Әйелдің сыйақы алып, тұрғын үй алуға көмек көрсетуге уәде бергені хабарланды. Жәбірленушілердің бірі оған құжаттарды жедел рәсімдеу үшін 100 мың теңге бергенін айтты.
Оған мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алу үшін кезекке қоюға көмектесетін және жәрдемдесетін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіндегі байланыстары туралы әңгімелерімен сендіре алды. Сонымен қатар, қосымша ақы үшін ол кезек мерзімін жылжытуға уәде берді. Осындай жағдайларға қызығушылық танытқан жәбірленушілер өз туыстары мен достарын тарта бастады.
Қазіргі таңда күдіктінің әрекетінен зардап шеккендерді анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шарасы жалғасуда. Тергеу барысында полиция қызметкерлері әйелдің қалалық әкімдікке ешқандай қатысы болмағанын, ал пәтер алуға көмектесетін әкімдіктегі байланыстары адамдардың сеніміне кіру үшін ойлап табылғанын анықтады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам УҰИ-ге қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.