Пәкістанда мешітте болған жарылыстан 17 адам қаза тапты, кем дегенде 90 адам жарақат алды.
Пәкістанның Geo News жаңалықтары арнасы, Reuters Пешаварда жарылыс болғанын хабарлады.
«Пешавардағы мешітте жанкешті өзін жарып жіберді, кем дегенде 17 адам қаза тапты, 90-нан астам адам жарақат алды», — деп жазады басылым.
Жарылыс кезінде мешітке көптеген адам бесін намазын оқуға жиналған. Ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті, үйінділердің астында бірнеше адам қалып отыр.
Дәрігерлер ауруханаға жарақат алған 90 адамды жатқызды, олардың 10-нан астамының жағдайы ауыр екені хабарланды.
Куәгердің айтуынша, оқиға кезінде мешітте кемінде 120 адам болған. Жарылыс жамағат намаз оқуды бастағанда болды. Жарақат алғандардың арасында полицейлердің саны көп.