Алматы прокурорлары университетте «Пәк қыздардың тізімі» таралып кетуіне юайланысты тергеу амалдарын бастады
Алматы прокурорлары Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университетінде «Пәк қыздардың тізімі» таралып кету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісті. Бостандық аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, оның аясында барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіледі.
Қылмыстық қудалау «Жеке өмірге қол сұғылмаушылық пен дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу» бабына негізделген, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Алматы прокуратурасы жауапты тұлғаларды анықтау және білім беру мекемесінде заңды тәртіпті қалпына келтіру үшін шаралар қабылдауда.