Аты аңызға айналған рок-музыкант Оззи Осборн АҚШ аумағында қылмыстың артуына байланысты басқа елге көшуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Еске салайық! Оззи Осборн — британдық рок-музыкант, Black Sabbath тобының негізін қалаушылардың бірі. Соңғы 20 жылда ол Құрама Штаттардың аумағында тұрып келген.
«Мен күн сайын адам қырылып жатқанына байланысты жүрегім қан жылайды. Мектептерде болған атыстан қанша адам қаза тапқаны бір Құдайға мәлім», — деді ол The Observer компаниясына берген сұхбатында.
Осборн Ұлыбританиядан екенін және сол себепті елге оралғысы келетінін еске салды.
Әртістің әйелі Шэрон АҚШ-тың қатты өзгергенін, ал елде «біріктіретін» ештеңе жоқ екенін мәлімдеді.
«Енді бұл өмір сүру үшін оңтайлы жер емес», — деп түйіндеді ол.
4 шілде күні Иллинойс штатында АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне арналған парад кезінде жаппай атыс болды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы 24 адам зардап шеккен.