Алматыда сот пикетке шыққан Oyan, Qazaqstan! қозғалысыынң мүшелерін тұтқынға алу туралы шешімін растады, олар қамауға алынған белсенділерге қолдау білдіріп пикетке шыққан еді. Сот шешімі адвокат Ғалым Нұрпейісов түсірген апелляциялық шағымды қарағаннан кейін қабылданды.
3 қаңтарда Айсұлтан Құдайберген мен Ақмарал Жәкібаева Алматыдағы Республика алаңында қамауға алынған Бота Шәріпжан, Равкат Мұхтаров және Жанель Шаханға қолдау білдіру үшін пикет өткізді. Нәтижесінде олар ұсталып, 15 тәулікке қамауға алынды. Темірлан Еңсебек де осындай акция өткізгені үшін тұтқындалды.
Бота Шәріпжан, Равкат Мұхтаров және Жанель Шахан 16 желтоқсанда Алматы қаласындағы Республика алаңында өткен бейбіт акцияға қатысты. Оларға бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзды деген айып тағылды. Шәріпжан мен Мұхтаров 25 желтоқсанда 15 тәулікке қамалды, ал Жанель Шахан 3 қаңтарда тұтқындалды.