Қазақстанда құрастырылған отандық тікұшақтардың алғашқы партиясы шығарылды.
Әуе техникасының алғашқы партиясы ҚР ТЖМ мұқтаждықтары үшін тапсырды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
«12 желтоқсанда Алматы қаласында «№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ кәсіпорнында жасалған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мұқтаждықтары үшін Ми-8АМТ тікұшақтарының бірінші партиясын салтанатты тапсыру өтті. Бұл тікұшақтарды жинау жөніндегі жоба Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті — Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды», — делінген хабарламада.
Іс-шараға «Вертолеты России» АҚ және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.
Ми-8АМТ-көп мақсатты тікұшақ, әлемдегі ең жаппай екі қозғалтқышты тікұшақ болып табылады. Көптеген азаматтық және әскери міндеттерді орындау үшін 50-ден астам елде кеңінен қолданылады.