Қостанайда 12 педагогты марапаттады

Кеше, 1 қазан Халықаралық мұғалімдер күні Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдің 12 ұстазына салтанатты түрде сіңірген еңбектері үшін мараппаттады..

Биыл облыстың 6 мұғалімі «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерімен марапатталды, 120 мұғалімнің еңбегі Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен, 153 педагог облыстық деңгейдегі грамоталармен марапатталды.

Айта кету керек, облыста алғаш рет «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы аясында кәсіби шеберлік байқауларында елеулі жетістіктерге жеткен педагогтардың еңбегін жергілікті деңгейде көтермелеу мүмкіндігі іске асырылды.

Жыл сайын республикада өтіп жатқан «Үздік педагог» байқауы оқушылары тұрақты түрде ғылыми жарыстардың жүлдегері атанған өз жұмыс жүйесін құрған облыс мектептері мен колледждерінің талантты және креативті педагогтарын анықтауға көмектеседі.

Бүгін «Үздік мұғалім» байқауының облыстық кезеңінің 6 жеңімпазы лайықты марапаттарына ие болды және 300 АЕК көлеміндегі сертификаттармен марапатталды.

Осы байқаудың қорытындысы бойынша республикалық кезеңінде өңірдің тағы 4 мұғалімі жеңімпаз атанды, оларға республикалық бюджеттен 1000 АЕК көлемінде сертификат табысталды. Жеңімпаздар арасында «Озат» ІТ лицейінің химия пәнінің мұғалімі Карина Нұғыманова, Жітіқара ауданының № 12 орта мектебінің биология және химия пәнінің мұғалімі Елена Якимчук, Қостанай құрылыс колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Лязат Ерденова, Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушы-ұйымдастырушысы Қанат Жұмағұлов бар.

Добавить комментарий