Қостанай облысының тұрғындарына сағат 22:00-ден кейін үйден шығуына тыйым салынады

Қостанай облысының әкімдігі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қосымша шектеу шаралары енгізілетінін хабарлады.

Атап айтқанда, Қостанай облысының Бас санитарлық дәрігері Владимир Нечитайло бүгін, 17 қарашада облыс аумағындағы карантиндік шектеулерді реттейтін бұрынғы қаулыға өзгерістер енгізді. Құжатта былай делінген:

  • Қазақстанға келген халықаралық әуе қатынастарының Қазақстан азаматтары болып табылмайтын жолаушыларында теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасы болуы керек берілген сәттен бастап 3 тәуліктен аспауы керек);
  • тұрғындарға Қостанай облысының елді мекендерінің аумағы бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін жүріп-тұруы шектеледі;
  • жолаушылар отыратын қалааралық қоғамдық көліктерінің (автобустардың, шағын автобустардың, таксидің) жүруіне тыйым салынады;
  • жұмыс күндері сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін, қарбалас уақытта желідегі қоғамдық көліктерге максималды қолжетімділікпен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Рудный қаласында сағат 5:00 мен 10:00-ге дейін және 17:00-ден 01:00-ге дейінгі аралықта № 1, 2 , 6, 7, 8, 10, 11, 29, 200 маршруттарымен «ССКӨБ» АҚ қызметкерлерін тасымалдайтын автобустарды қоспағанда, демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктердің жұмысына тыйым салынады;
  • таксистерге сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін жұмыс істеуіне тыйым салынады, жүргізушілер мен жолаушылар міндетті түрде бетперде тағулары керек;
  • осы қаулыда көрсетілген адамдардан басқа, азамматардың облыс аумағынан (аумақтарына) және Қостанай, Рудный қалаларының аумағынан (аумақтарына) кіруіне/шығуына тыйым салынады. Бұл ретте, облыс орталығы мен Рудный қаласына келуді қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан/қаладан екінші ауданға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат етілді;
  • санитариялық блок-бекет арқылы кедергісіз кіруге/шығуға рұқсат беру (жол парақтарын, жұмысқа нарядтарды, жоспар-тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін көрсеткен кезде):

медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар;

транзиттік жолаушылар мен жүктерді автотасымалдаушылар;

вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдары;

2-тармақтың 7-тармақшасында көрсетілген көліктер мен тұлғалар;

көлікті және табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс — шараларын, жол-жөндеу жұмыстарын, авариялық қызметтерді жүргізуге тартылған адамдарды, бірінші кезекте қажетті тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық отынды және ЖЖМ жеткізушілерді, сондай-ақ облыстың шаруашылық тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тауарлары, жабдықтары мен материалдары бар барлық жүк көлігін растайтын құжаттар ұсынылған кезде (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жұмыскерлер үшін-жұмыс орнынан мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтама);

құқық белгілейтін құжаттарды ұсынған кезде қала сыртындағы үйлерге (саяжайларға) бару үшін тұрақты тұратын жеріне қайтып келетін адамдар мен облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері);

жұмыс берушінің мөрімен расталған еркін үлгідегі анықтамасы болған кезде тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұруға құқығы бар;

  • Сауда орталықтарының, сауда желілерінің, азық-түлікке жатпайтын дүкендердің жұмыс істеуіне, толымдылығын 30%-дан асырмай, сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс режимін шектей отырып, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат етіледі;
  • бұл ретте автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектерді сату жөніндегі объектілердің, ауданы 2000 шаршы метрден астам азық-түлік емес сауда объектілерінің, азық-түлік дүкендері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын демалыс және мереке күндері тоқтатыла тұру

Добавить комментарий