Қостанай облысы: Сотталғандарға діни сауаттылық тақырыбында семинар өтті

Қостанай облысындағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға діни сауаттылық бойынша семинарлар өткізілді. Діни сауаттылық жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілі тергеу изоляторы мен қатаң режимдегі колонияда семинар өткізді.

Топтық және жеке әңгімелесулер өткізілді.

Ақпараттық-түсіндіру тобының өкілі Хасан Аманқұлов сотталғандармен әңгімелесіп, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

«Сотталғандардың діни сауаттылықты арттыру олардың мінез-құлқын өзгертетін қадамдардың бірі болып табылады», — деп түсіндірді ведомстводағылар.

Қолданыстағы меморандумдар аясында түзеу мекемелері ҚМДБ өкілдерін шақырып отырады. Сонымен қатар, Ш.Қабылбаев атындағы Академия базасында теологиялық және оңалту жұмыстары бойынша қызметкерлерге арналған оқыту семинары өткізілді. Семинарда қатысушылар бас бостандығынан айыру орындарында діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыс әдістерін талқылады.

Добавить комментарий