Қостанай облысы: оқушыларға арналған компьютерлердің кезекті партиясы сатып алынды

Қостанай облысында оқушыларға арналған компьютерлердің кезекті партиясы сатып алынды. Барлығы 15 мың 222 дана сатып алынды, оған үкіметтік резервтен бөлінген 2 млрд 400 млн теңге жұмсалды.

Қазіргі уақытта үш мыңға жуық компьютерлер, планшеттер мен ноутбуктерді Білім-инновация дарынды балаларға арналған лицей-интернат базасында Білім басқармасы жанындағы ақпараттандыру орталығының мамандары техникалық ерекшеліктер бойынша тестілейді.

«Қыркүйек және қазан айларында облысқа 1584 компьютер, 2052 планшет және 4730 ноутбук жеткізілді, — деп атап өтті Қостанай облысы білім басқармасы жанындағы Ақпараттандыру орталығының директоры Ольга Козлюк. Қараша айының соңына қарай қалған партияны 6856 ноутбук көлемінде жеткізу жоспарланған. Сатып алынған отандық компьютерлер облыстың барлық аудандарына беріледі және олар эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда резервтік болады, оларды оқушыларға таратады. Техника мұқият тексеріледі, көбінесе ұсақ зауыттық ақау анықталады. Жеткізуші бірден жұмыс істемейтін компьютерлерді ауыстырады».

Айта кету керек, компьютерлерді сатып алуға жергілікті бюджеттен де қаражат бөлінді, жазғы кезеңде 6 млрд 1 млн теңгеге 400 мың компьютер сатып алынды. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін облыс оқушыларына оқу жылы басталғанға дейін қайтарымды негізде 12458 бірлік компьютерлік техника берілді.

«Біз белгіленген параметрлер бойынша динамиканы, камераны, басқа да техникалық сипаттаманы тексереміз, — деді орталық маманы Артур Карин. — Бір ноутбукты тексеру шамамен 10 минутты алады. Үш күннен бері тестілеп келеміз, әзірге тек екі ноутбукте проблемалар анықталды».

Добавить комментарий