ОСК Президент тағайындаған сенаторлардың тіркелгенін хабарлады

Орталық сайлау комиссиясы мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаев тағайындаған сенаторлар тіркелгенін хабарлады.

«Парламент Сенатының депутаттары ретіндегі өкілеттіктеріңіз басталды. Сіздер заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ҚР Парламентінің депутаттары болдыңыздар», — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Астанада өткен брифингте депутаттарға арнаған сөзінде.

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Больгерт Евгений Андреевич;

Кузиев Закиржан Пирмухамедович;
Ниязова Нұрия Исмағилқызы;

Сатвалдиев Әлішер Гапиржанұлы;
Шиповских Геннадий Геннадиевич;

Жақып Қажманұлы Асанов;

Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы;

Жүсіп Нұрторе Бәйтелесұлы;

Қалтаева Ләззат Молдабекқызы;

Шәкіров Асқар Оразалиұлы.

ОСК басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 19 наурызына белгіленген мәжілістің кезектен тыс сайлауы өткізілуіне байланысты сенаторлар барлық парламент үшін заңдар қабылдау бойынша заңнамалық функцияларды орындайтын болады.

Добавить комментарий