Орыс мафиясы: Испанияда Қазақстан азаматы ұсталды

Испанияда орыс мафиясы бойынша қылмыстық істі тергеу барысында 23 адам ұсталды. Олардың арасында Қазақстан азаматы да бар.

Ұсталғандардың ішінде Ресейдің сегіз азаматы, екі украин, бір Қазақстан азаматы, Алжир азаматы, қалғандары испандықтар бар, деп хабарлады Ұлттық полицияның баспасөз қызметі.

Полиция бұл «ұсталғандардың иерархиялық деңгейі жоғары болғандықтан» соңғы он жылда «Еуропаның шығысынандағы мафияға» қарсы жасалған ірі операция екенін мәлімдеді. Топ мүшелері сыбайлас жемқорлықпен және «мемлекеттік институттарға енгізумен» айналысқанын анықтады.

«Ұйым Испания экономикасының негізгі секторларын бақылап, заңгерлер, шенеуніктер, саясаткерлер, бизнесмендер мен компьютерлік хакерлердің көмегімен мемлекеттік мекемелерге кіруді жоспарлаған», — делінген Ұлттық полиция хабарламасында.

Тергеу 2013 жылы басталып, полиция Испаниядағы «орыс мафиясы Испаниядағы белсенділігін арттырып, оны бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің қылмыстық ұйымдарының ақшасын жылыстату үшін бастапқы нүкте ретінде пайдаланды, бүкіл әлем бойынша қылмыстық іс-әрекеттер есебінен алынған ақшаны бизнеске инвестициялады», бірінші кезекте Испаниядағы дискотекаларға, мейрамханаларға, Испания жағалауындағы жылжымайтын мүлікке салды.

Приморьенің бұрынғы вице-губернаторына қатысты ақшаны жылыстату бойынша ісі қозғады.

Топ жетекшілері күмәнді банк операцияларын жүзеге асырып, Испанияға қолма-қол ақша әкеліп, жалған компаниялар мен жалған тұлғаларды пайдаланды.

Аликанте, Мадрид, Таррагон және Ибицада жүргізілген тінту барысында қару-жарақ, 300 мың еуро қолма-қол ақша, 16 көлік, гауһар тастар тәркіленді, криптовалюта табылды, миллиондаған еуроға тең банктік шоттар мен активтерге тыйым салынды.

Добавить комментарий