Қордай: 50 айыпталушыға қатысты сот отырысы өтті

Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов 11 адам қаза тапқан, тағы 158 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алған, ауыл тұрғындары көрші елден баспана сұрауға кеткен Қордайда болған тәртіпсіздіктерге биліктің көзқарасын түсіндірді.

«Жаппай тәртіпсіздіктердің басталуына жоғарыда аталған ауылдардың тұрғындарымен болған қақтығыс себеп болды», — деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан кейін ол бұған дейін бұзақылық әрекет, жарылғыш заттарды жасағаны және сақтағаны, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсеткені үшін алты адам сотталғанын еске салды.

Ал осы іс бойынша сот 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін жүргізілді. Сотқа екі прокурор, 51 сотталушы, 366 зардап шегуші қатысты. Сотталушыларға ауыр қылмыс жасады деген айып тағылды, олардың арасында кісі өлтіру, тәртіпсіздікке қатысу, билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсету және қарақшылық жасау болды.

Прокурорлар 23 сотталушыны нақты бас бостандығынан айыруды, қалғандары үшін — шартты түрде бас бостандығынан айыру не бас бостандығын шектеуді сұрады.

24 сотталушы өз кінәсін толық мойындады, 10 адам кінәсін жартылай мойындады, 17 адам кінәсін мойындамады.

Нәтижесінде сот 50 сотталушыны кінәлі деп тауып, кінәсі дәлелденбегені үшін бір адамды ақтады.

Берік Құлтасов бес жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылғандарға тоқталды.

Оның айтуынша, сотталушы Ботабасов адамдар тобына мылтықпен дәлдеп оқ атқан. Салдарынан үш адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті. Ол 20 жылға сотталды.

Тоқабай көлікпен, бір топ адамды қаққан. Бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы Кәрібаев көлікпен адам басқан. Жәбірленуші сол жерде қайтыс болды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны және кісі өлтіргені үшін Кәрібаев 16,5 жыл бас бостандығынан айырылды.

Сұлтанаев бір топ адамға оқ атып, бір адамды өлтірді. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылар Чишанло мен Самруй бір топ адамды өлтірді. Самруй жәбірленуші Әбдірахымның кеуде қуысынан бірнеше рет айырмен соққан. Сол уақытта Чишанло жәбірленушінің басын металл таяқпен ұрды. Басқа сотталушылар Тимуров, Хижин және Хижин М. қолымен ұрып, тепкілеген. Сараптама қорытындысы бойынша жәбір көргендер айыр мен темір соққысынан қаза тапқан. Сангуй және Чишанлоға әрқайсысы 16 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.

«Тимуров, Хижин және Хижин М. кісі өлтірді деген айыппен ақталды, бірақ жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін сотталды», — деді Сот әкімшісінің басшысы.

«Сотталушы Дауров полиция қызметкерлеріне оқ атып, салдарынан төрт полиция қызметкері зардап шекті. Дәуров 16 жылға бас бостандығынан айырылды «, — деді ол.

Бұдан кейін Берік Құлтасов бүгін үкім шығарылғандардың аты-жөнін атамады. Бір адамға құқықбұзушылық әрекеті үшін 15 жыл, екінші адамға 11 жыл, үшінші адамға жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды белгілі.

9 адам — тәртіпсіздікке қатысуға және мүлікті ұрлауға шақырғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды.

31 адамға жаппай тәртіпсіздікке шақырып, оған қатысып, тұрғын үйлерге заңсыз кіру жолымен бөтеннің мүлкін ұрлағаны, алайда кейбірінің келтірілген залалды өтегені үшін 5 жылдан 6 жылға дейін шартты түрде жаза кесілді. Нақтырақ айтсақ, 24 адамға шартты түрде жаза тағайындалса, 7 адамның бас бостандығы шектелді.

«Осылайша, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 19 адам нақты мерезімге бас бостандығынан айырылды. 31 адам кінәсін мойындап, өкініп, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылды», — деді Құлтасов.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік! 2020 жылдың 7 ақпанына қараған түні Жамбыл облысы Қордайдағы тәртіпсіздіктен 11 адам қаза тапты. Жүзден астам адам жарақат алды. Екі жүзге жуық үй мен кәсіпорын қирап, 100-ге жуық көлік өртенді. Қақтығысқа мыңға жуық адам қатысты. 120 қылмыстық іс қозғалды.

Добавить комментарий