БҚО-да COVID-19 індетінің статистикасы ақсап тұр. 2021 жылғы 6 сәуір таңертеңгі жағдай бойынша өңірде коронавирустың 101 жағдайы анықталды, ауруханалар 90%-ға толған.
Өңірде карантиндік шаралар күшейтілуде, атап айтқанда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Наурыз айында зертханаларда 63 мың ПТР зерттеу жүргізілді. Жағдай шиеленісіп, облыс қызыл аймақта қалып отыр.
Санэпэпидемиологтар өткен жылғы сценарийдің қайталануы мүмкін деп алаңдап отыр, сол кезде науқастар үшін стационарларда төсек-орын жетіспеген.
Мұхамғали Арыспаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы: «Карантиндік шаралар сақталмауда, ауылдардан келіп, қалада той-домалақ өткізушілер азаймай тұр. Коттедж жалға алып еске алу рәсімдері, мерейтойлар өткізіліп жатыр. Қазір облыстағы жағдай өте қауіпті, зерттеулер көрсеткендей, науқастарда британдық және оңтүстік африкалық коронавирус штаммдары анықталған».