Орал әуежайы бірнеше күнге жабылады

Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайы ұшу-қону алаңында шұғыл жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше күнге жабылады. Әуежай 8 қазанда сағат 2:00-ден бастап 10 қазанның 5:00-ге дейінгі уақыт аралығына жабылады, 12 қазан — резерв күні, сағат 1:30-дан 17:00-ге дейін

Әуежайдың баспасөз қызметінің басшысы Айнагүл Сакпусунова аталған шара мәжбүрлі және ұшу қауіпсіздігі мен жолаушыларға қызмет көрсетуге бағытталғанын атап өтті. Жөндеу жұмыстарының мерзімі қолайлы ауа райының жағдайларын және көрсетілген күндері жоспарланған ұшу санының азаюын ескере отырып айқындалған.

Добавить комментарий