Орал: мерзімді қызметтегі сарбаз бекетте өзін-өзі атып өлтірді

Оралда әскери қызметші өзін-өзі атып өлтірді. Төтенше жағдай 2021 жылғы 16 маусымда таңертең орын алды.

Мерзімді қызметтегі сарбаз қаладағы түзеу мекемелерінің бірінде күзетте тұрған.

Әскери бөлімнің хабарлауынша, сарбаз ауыр халде облыстық ауруханаға жеткізілді. Кейін ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

«Күзетте тұрған қатардағы жауынгер өз-өзіне оқ атты. Жедел жәрдем бригадасы ауруханаға алып кетті. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін істеді, әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта әсери гарнизонда тергеуге дейінгі іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу аясында басқа ақпарат жарияланбайды», — деді ҚР Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов..

Добавить комментарий