Орал: Үш баласы бар әйел көшеде қалды

Оралда үш кішкентай баласы бар әйел көшеде қалды. Олардың ең кішісі әлі бірге толмаған шақалақ. Аялдамада түнеп жүрген отбасыны тәртіп сақшылары — учаскелік полиция қызметкері өздеріне тапсырылған аумақты тексеру кезінде тапты.

Орал қаласында түнде ауа температурасы нөлден төмен көрсеткіш көрсетеді.

«Әйелдің барар жері болмай, балаларымен аялдамада түнеп жүрген. Мән-жайды анықтағаннан кейін барлығы полиция басқармасына жеткізілді, кейін төрт жастағы екі егіз балаларды қолдау орталығына жіберді, 11 айлық ұл ауруханаға жатқызылды. Ол жерде оны толық тексереді, ал анасына жұмысқа орналасуға көмектеседі, — деді ол.

Сондай-ақ, полицейлер балалардың анасы ішімдік ішпейтінін айтты. БҚО Денсаулық сақтау басқармасы сәбидің жағдайы қанағаттанарлық деп хабарлады.

Добавить комментарий