Орал: Балалар үйінің тәрбиеленушілері зауытта экскурсиямен болды

«Шаңырақ» Орал балалар үйінің тәрбиеленушілері балаларды жаңа мамандықтармен таныстыру мақсатында ерекше экскурсияға барды. Іс-шара Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің және «Интеграл» және «Батыс Қамқор» жастар қоғамдық бірлестіктерінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері Орал трансформатор зауытында өндірістік үдерістің қалай жүріп жатқанын қызығушылықпен бақылады. Ерте кәсіптік бағдарлауға қатыспайтын оқушылар көбінесе болашақта немен айналысқысы келетінін түсінбей, кездейсоқ түрде оқу бағытын таңдайды.Сондықтан балалар ересектердің көмегіне мұқтаж. Осы мақсатта Оралда облыс орталығының кәсіпорындарына экскурсиялар өткізіледі.

Экскурсияның негізгі мақсаты — балаларға өңірдің табысты дамып келе жатқан кәсіпорындарын көрсету. Ең бастысы — болашақ мамандықты таңдауға көмектесу, — деді «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Аида Мектепқалиева.

Айта кетейік, «Интеграл» және «Батыс Қамқор» ҚБ жастардың бос уақытын ұйымдастырумен айналысады. Сонымен қатар, олар жастар арасында жарыс өткізіп, салауатты өмір салтын насихаттауды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий