Қор биржасында доллар арзандады

Ашық ақпарат көздерінен алынған деректерге сәйкес, Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 28 сәуірде доллар бағамы 448,49 теңге болды.

Бір тәулікте доллар 0,61 теңгеге, бір айда шетел валютасы 21,71 теңгені арзандады.

Қазақстанның айырбастау пункттерінде долларды 450-451 теңгеден сатып алып, 454 теңгеден сатады.

KASE биржасындағы рубль бағамы 6,25 теңге.

ICE биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстерінің бағасы барреліне 105,7 доллар болды.

Добавить комментарий