Қорғаныс министрлігі резервтегі әскери қызмет туралы сөз қозғады

Қорғаныс министрлігі резервшілер қатарын кім толықтыратынын және резервтегі келісімшарт бойынша әскери қызмет нені білдіретінін айтты.

Қорғаныс министрлігі қазіргі заманғы сын-қатерлерге үнемі талдау жүргізеді. Оларға қарулы қақтығыстар, авариялар, пандемиямен, экологиялық апаттарға байланысты төтенше жағдайлар да жатады. Бұл жағдайларда қарулы күштер мен жұмылдыру резерві қолданыстағы заңнамаға сәйкес тартылуы мүмкін. Бұл ретте халықаралық тәжірибе жұмылдыру резервін өрістету және тартудың қысқа мерзімде талап етілуі мүмкін екенін көрсетеді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасында резервтегі әскери қызметті енгізу жоспарланып отыр.

Резервтегі қызмет азаматтардың негізгі жұмысын қоса атқаруымен, жалақысын сақтаумен, әскердегі қызметі үшін қосымша ақшалай қаражатты төлеумен және жеңілдіктер берумен келісімшарт негізінде атқарады.

Қажетті мамандықтары бар азаматтар әскери бөліммен резервте қызмет өткеру туралы 3 жылға тиісті келісімшарт жасасады.

Резервтегі адамдарды даярлау жылына 60 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі, оған оқу бағдарламасына сәйкес ұзақтығы 1 айға дейін ай сайынғы екі күндік сабақтар мен жиындар (оқу-жаттығулар) кіреді. Бұл ретте тапшы мамандықтар бойынша даярлыққа ерекше назар аударылатын болады.

Добавить комментарий