Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерін Украина аумағына жібермейтінін мәлімдеді.
Ведомство атап өткендей, республиканың Қарулы Күштерін жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде жүргізіледі.
Әлеуметтік желілерде тарап жатқан қазақстандық әскери қызметшілер мен әскери техникаларды Украинаға жіберу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің бейсенбі күні жарияланған ресми түсініктемесінде айтылған.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған қазақстандық әскери қызметшілер мен әскери техниканы Украинаға жіберу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», — делінген хабарламада.
Ведомство түсіндіргендей, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін республика қарулы күштерінің әскери контингентін жіберу туралы шешімді ел президентінің тиісті ұсынысы негізінде парламент қабылдайды. «Парламенттің тиісті қаулысы қабылданғанға дейін Қорғаныс министрлігінің әскери контингентті қандай да бір мемлекетке жіберу өкілеттігі жоқ. Қорғаныс министрлігі аталған мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ», — деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.
Жеке құрамды ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға байланысты Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен даярлығы арттыру іс-шаралар жоспарлы тәртіпте түрде жүргізілетінін хабарлады.