Қонаев гарнизонының Әскери полиция бөлімінің әскери қызметшілері қала тұрғындары үшін мереке өткізді

2023 жылдың 21 наурызында Қонаев гарнизонының Әскери полиция бөлімінің әскери қызметшілері ересектер мен балаларға арналған түрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырды.

Адамдар түрлі іс-шараларды, арқан тарту, гір тасын көтеру жаттығуларын орындау, дәстүрлі салт-дәстүрлерді, би және вокалдық топтардың қойылымдарын тамашалады.

Сонымен қатар, шараға қатысушылар дәмді палау пен ыстық бауырсақтан дәм татты.

Добавить комментарий