Қазақстанның он өңірінде жұмыртқа бағасы он данасы үшін 320 теңгеге дейін төмендеді.
Мұндай деректі 2021 жылғы 27 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) келтіреді.
«Агенттіктің аумақтық департаменттері жүргізген баға мониторингінің нәтижелері бойынша 2021 жылғы 27 желтоқсандағы жағдай бойынша республика бойынша тауық жұмыртқасын өндірушілердің бағасы төмендеп, бір данасы үшін 30-32 теңге деңгейінде тұр», — делінген хабарламада.
Алайда, ақпаратқа сәйкес, бөлшек саудада бағаның төмендегені қатты білінбейді.
10 өңірде: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында жұмыртқа бағасы орта есеппен 20%-ға дейін төмендеді, ал 7 өңірде: Алматы, Шымкент, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл және Павлодар облыстарында баға төмендемеді, «себебі сауда желілерінде ескі бағамен сатып алынған жұмыртқалар бар».
«Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның нормаларын «үй жанындағы дүкендердің» тауық жұмыртқаларын сату кезінде сауда үстемесін 15%-дан астам арттыру бөлігінде бұзу жалғасуда: өндірушілердің деректері бойынша, мысалы, Нұр-Сұлтандағы үй жанындағы дүкендердегі үстемеақы орта есеппен 25% — ды құрайды», — делінген ақпаратта.
Бұл ретте бірқатар сауда желілерінде сауда үстемелерінің 15%-дан асуы байқалмайды. Мысалы, Алматыда ірі сауда желілерінде сауда үстемесі «A-STORE» — 9,9%, «SMALL» — 8,3%, «Magnum» және «Алсад Қазақстан» ЖШС — 9,1% құрайды. Нұр-Сұлтанда «КеңMart» — 2,5%,» Magnum» — 8,2%», — делінген хабарламада.